Естеріңізде болса, алдыңғы жазбамда эмоционалды интеллектінің 5 қағидасы жайында жаздым. Бүгін эмоционалды интеллекті (EQ) мен ақылдың (IQ) ер мен əйел адамда қандай түрде орын алатыны туралы айтып өтейік.
Калифорния Университетінің психологы Джэк Блок ақыл мен эмоционалды интеллектінің біреусі қатты басым болғандағы жағдайды зерттеген. IQ-ы жоғары адамның ақылы жағынан зерек, адаммен қарым-қатынаста əлсіз болып келеді екен. Ер мен əйел адамда бұл көрініс кішкене өзгеше болады.
Калифорния Университетінің психологы Джэк Блок ақыл мен эмоционалды интеллектінің біреусі қатты басым болғандағы жағдайды зерттеген. IQ-ы жоғары адамның ақылы жағынан зерек, адаммен қарым-қатынаста əлсіз болып келеді екен. Ер мен əйел адамда бұл көрініс кішкене өзгеше болады.
IQ-ы өте жоғары ер адамда ақыл қабілеті жоғары болады. Ол мақсатты, жұмыс өнімділігі жоғары, іс-əрекеті тез оқылады жəне бірбеткей болып келеді. Өзі туралы қатты бас қатырмайды. Жəне де сынағыш, өктем, кінəратшыл, тұйықтау, сезімге суық, адаммен қарым-қатынаста кішкене біртүрлі болады, басқалардан оқшау жүргенді қалайды.
EQ-ы өте (эмоционалды интеллект) жоғары ер адам болса, адамдармен қарым-қатынасы өте жақсы, ашық, көңілді, батылдау, терең ойға берілмейді. Басқалар үшін өзін құрбан етуге дайын, жауапкершілікті өзіне алуға даяр, өзгелерді уайымдайтын, адамдармен қарым-қатынасына өте қатты мəн беріп қарайтын болып келеді. Айналасындағыларға жайлы, өзі мен өзгелерге деген көзқарасы оң болып келеді.
IQ-ы өте жоғары əйел адам ақылды, өз ойын оңай жəне нақты жеткізе алады. Интеллектуалды құндылықтарды бағалайды, интеллектуалды істерге қызығушылығы жоғары. Бірақ та, олар өздерін қатты сынайды, мазасыздау, тұйықтау, өзін кінəлағыш, ашуын ашықтан ашық көрсетпейді.
EQ-ы өте жоғары əйел адам өзіне сенімді, сезімін бірден жеткізетін, өздері жайлы əрқашан оң ойда болады, өмір олар үшін өте маңызды болып саналады. EQ-ы өте жоғары ер адамдар сияқты ашық, сезімдерін таразылап жеткізеді (өкінетіндей сөздер айтпайды), стрестен оңай шығады. Олардың əлеуметтік ортада өзін ұстау қабілеті жақсы болғандықтан, адамдармен тез тіл табысады. IQ-ы өте жоғары əйел адамдар сияқты өзін көп кінəламайды, терең ойға батпайды.
Əрине, бұл екі қасиеттің жеке жеке алып қарағандағы көрінісі. Екеуі əр адамда əр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Екі қасиет қосылып бізді адам деген сұлбамызды көрсетеді.
References
1. www.flaticon.com
2. Emotional Intelligence. Daniel Goleman (2009).
References
1. www.flaticon.com
2. Emotional Intelligence. Daniel Goleman (2009).