Skip to main content

Posts

Таңдаулы пост

IQ vs. EQ (Ер мен əйел)

Естеріңізде болса, алдыңғы жазбамда эмоционалды интеллектінің 5 қағидасы жайында жаздым. Бүгін эмоционалды интеллекті (EQ) мен ақылдың (IQ) ер мен əйел адамда қандай түрде орын алатыны туралы айтып өтейік. Калифорния Университетінің психологы Джэк Блок ақыл мен эмоционалды интеллектінің біреусі қатты басым болғандағы жағдайды зерттеген. IQ-ы жоғары адамның ақылы жағынан зерек, адаммен қарым-қатынаста əлсіз болып келеді екен. Ер мен əйел адамда бұл көрініс кішкене өзгеше болады. IQ-ы өте жоғары ер адамда ақыл қабілеті жоғары болады. Ол мақсатты, жұмыс өнімділігі жоғары, іс-əрекеті тез оқылады жəне бірбеткей болып келеді. Өзі туралы қатты бас қатырмайды. Жəне де сынағыш, өктем, кінəратшыл, тұйықтау, сезімге суық, адаммен қарым-қатынаста кішкене біртүрлі болады, басқалардан оқшау жүргенді қалайды. EQ-ы өте (эмоционалды интеллект) жоғары ер адам болса, адамдармен қарым-қатынасы өте жақсы, ашық, көңілді, батылдау, терең ойға берілмейді. Басқалар үшін өзін құрбан етуге д...
Recent posts

Эмоционалды интеллектінің (EQ) 5 қағидасы

  Мектепте оқығанда нашар оқитын оқушылардың жақсы баға алғандары есіңізде ме? Университетте оқығанда нашар дайындалған студенттердің семестрдің соңында жақсы қорытылғанына куə болдыңыз ба? Мектепте үшке оқып, кейін бай болып кеткен адамды кездестірдіңіз бе? Мектепте беске оқып, кейін  жұмыссыз жүргенін көрдіңіз бе? Немесе ақылды болсаңыз да əлі де жетістікке жете алмай жүрсіз бе? Егер осы сұрақтардың біреусіне "ия" деген жауап берсеңіз, онда біз бүгін сол туралы сөз етеміз.  Ең алдымен, эмоционалды интеллектінің (EQ) не екеніне тоқталайық. Эмоционалды интеллект деп қарапайым қазақи тілмен айтқанда адамның мінезі. Немесе адамның сезімдерін басқара алу қабілеті. Мінезі мен сезімін жақсы басқара алса, адам көркем мінезді болып саналады. Көркем мінез жайында дінімізде де, дəстүрімізде де, басқа ұлттық құндылықтарымызда да тікелей (жырау, ақындардың нақты мінезге қатысты өсиеттері) жəне жанама (ертегі, хикая, əңгімелерде басты кейіпкерлердің жағымды мінездері мен сол қ...

Миымыз өсе ме?

Осы уақытқа дейін көптеген адамдарда ақыл туралы ойлары мен пікірлері белгілі бір шеңберде етін. Көп адам балаларды ақылды немесе ақылы төмен, дарынды немесе дарынсыз деп бөлген. Мысалы, Қазақстанда дарынды балаларға арналған мектептер бар. Мұндай мектепке түскен бала өзін автоматты түрде дарынды санай бастайды. Ол жерде істейтін кей мұғалімдер де балаларға "сендер дарынды баласыңдар, сондықтан үлкен жетістікке жетесіңдер. Сендер дарынды баласыңдар, сондықтан мұндай іс-əрекет сендерге жараспайды. Сендер дарынды баласыңдар, үш алған сендерге жараспайды" деген сияқты сөздерді өз құлағыммен бірнеше рет естідім. Яғни, əр іс-əрекетінде балаларға олардың дарынды екенін ескертіп отырған. Мүмкін, бұлай істеу жаман емес деп ойларсыздар. Алайда, бұл оймен келіспейтін үлкен ғалым кісілер бар. Сол кісілердің біреусінің зерттеуімен бөлісейін.            АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің профессоры Кэрол Дуэк есімді ханым жоғарыда айтып өткен тақырыпта ондаған жылы...

Оқығанымды ұмытып қала беремін немесе есте сақтау қабілетімді қалай жақсартсам болады?

Есте сақтау қабілеті өмірдегі ең маңызды қабілеттердің бірі. Кей адамда есте сақтау қабілеті жақсы болса, кей адамда нашар болуы мүмкін. Соның кесірінен емтиханнан жаман баға алуыңыз да мүмкін немесе үй тарсырмаларын жаттай алмауыңыз мүмкін. Егер сіздің есте сақтау қабілетіңіз нашар болса, көңіліңіз түспесін. Себебі, есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. Есте сақтауды жақсарту үшін бірнеше қағидаларды ұстануымыз керек. 1. Дұрыс тамақтану.  І шкен тамағымыз есте сақтау қабілетімізге тікелей қатысы бар. Көкөніс жеп тұру өте маңызды. Жаңғақ, брокколи жəне балық адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Брокколи мен жаңғақта миды жаман  улы заттардан қорғайтын антидоксанттар болады, олар мида жаңа жасушалардың пайда болуына да көмектеседі. Балықта Омега-3 майы болады. Ол да мидың жақсы жұмыс істеуіне көмегін тигізеді. Жеуге болмайтын тағамдарға - газды сусындар ( Кола,Спрайт, Фанта жəне т.б .) , қ антты тағамдар, қант. Газды сусын ішетін жас баланың зейіні (конц...

Жақсы баға алудың жолдары

Мектепте жақсы баға қалай алуға болады?  Жақсы баға алудың 7 жолы.         Біріншіден, баға не үшін маңызды деген сұраққа жауап берейік. Баға оқушының сабақтағы көрсеткіші және сабаққа деген мотивациясын артыратын себептің бірі. Бағаны оқыған еңбегіне деген сый деп айтсақ та болады. Бағаның ең керек уақыты университетке тапсырған кез. Топ университеттер оқушының орташа бағасына қарап алады. Мысалы, дүние жүзіндегі керемет университеттер (Гарвард, Оксфорд, Кэмбридж және т.б.) оқушыларды бағасының  орташа көрсеткішіне қарап алады. Көбінесе, 5-тен 4.5 орташа көрсеткішпен алып жатады. Орташа көрсеткішті есептеу үшін барлық пәннен алған бағаларды қосып, пән санына бөлеміз. Қазақ тілі - 5  Ағылшын тілі - 3 Орыс тілі - 4 Алгебра - 5 Физика - 5 Орташа баға  5+3+4+5+5= 22/5 = 4.4 Яғни, бес пән деп алсақ, орташа көрсеткіш баға 4.4 шығып тұр. Сондықтан, 3 деген бағаны алмауға тырысу керек. Себебі, ол орташа бағаны түсіреді.  ...