Естеріңізде болса, алдыңғы жазбамда эмоционалды интеллектінің 5 қағидасы жайында жаздым. Бүгін эмоционалды интеллекті (EQ) мен ақылдың (IQ) ер мен əйел адамда қандай түрде орын алатыны туралы айтып өтейік. Калифорния Университетінің психологы Джэк Блок ақыл мен эмоционалды интеллектінің біреусі қатты басым болғандағы жағдайды зерттеген. IQ-ы жоғары адамның ақылы жағынан зерек, адаммен қарым-қатынаста əлсіз болып келеді екен. Ер мен əйел адамда бұл көрініс кішкене өзгеше болады. IQ-ы өте жоғары ер адамда ақыл қабілеті жоғары болады. Ол мақсатты, жұмыс өнімділігі жоғары, іс-əрекеті тез оқылады жəне бірбеткей болып келеді. Өзі туралы қатты бас қатырмайды. Жəне де сынағыш, өктем, кінəратшыл, тұйықтау, сезімге суық, адаммен қарым-қатынаста кішкене біртүрлі болады, басқалардан оқшау жүргенді қалайды. EQ-ы өте (эмоционалды интеллект) жоғары ер адам болса, адамдармен қарым-қатынасы өте жақсы, ашық, көңілді, батылдау, терең ойға берілмейді. Басқалар үшін өзін құрбан етуге д...
Оқушыларға, студенттерге, ата-аналар мен ұстаздарға арналған білім саласындағы қызықты ақпараттар