Skip to main content

Posts

Showing posts from April, 2017

Жақсы баға алудың жолдары

Мектепте жақсы баға қалай алуға болады?  Жақсы баға алудың 7 жолы.         Біріншіден, баға не үшін маңызды деген сұраққа жауап берейік. Баға оқушының сабақтағы көрсеткіші және сабаққа деген мотивациясын артыратын себептің бірі. Бағаны оқыған еңбегіне деген сый деп айтсақ та болады. Бағаның ең керек уақыты университетке тапсырған кез. Топ университеттер оқушының орташа бағасына қарап алады. Мысалы, дүние жүзіндегі керемет университеттер (Гарвард, Оксфорд, Кэмбридж және т.б.) оқушыларды бағасының  орташа көрсеткішіне қарап алады. Көбінесе, 5-тен 4.5 орташа көрсеткішпен алып жатады. Орташа көрсеткішті есептеу үшін барлық пәннен алған бағаларды қосып, пән санына бөлеміз. Қазақ тілі - 5  Ағылшын тілі - 3 Орыс тілі - 4 Алгебра - 5 Физика - 5 Орташа баға  5+3+4+5+5= 22/5 = 4.4 Яғни, бес пән деп алсақ, орташа көрсеткіш баға 4.4 шығып тұр. Сондықтан, 3 деген бағаны алмауға тырысу керек. Себебі, ол орташа бағаны түсіреді.  ...